Воскресенье, 2024-11-24, 12:44 PM

Приветствую Вас Гость

Главная | Регистрация | Вход | RSS
Академия сказочных наук
Главная » 2012 » Декабрь » 25
Ертегі

Жалқау құмырсқа
Баяғыда жасыл, қызыл, көк құмырсқа дос болыпты. Бір күні үшеуі бірлесіп су іздеуге шығады. Шөп-шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек болыпты.
Бір кезде: - Уһ, шаршадым!
Басқа жақтан бұлақ тауып,шөлімді қандырайын,-дейді де, қызыл құмырсқа кетіп қалады.
Жасыл құмырсқа не істерін білмейді. Көк құмырсқа бастаған істі аяқтау керек дейді. Шыда жасылым, « Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады,- дейді көк құмырсқа.
Қызыл құмырсқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөлдеген құмырсқа кешірім сұрап достарына келеді. Достары оны кешіріп, су береді.

Габдуллин Адильбек 2 «а» класс
Средняя школа-комплекс национального возрождения №17,
СКО г.Петропавловск.
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 828 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Қымбат пен Сымбат
Ерте, ерте, ертеде алыс ауылда бір үлкен үй болған екен. Ол үйде Қымбат пен Сымбат деген қыздар болыпты. Сымбат атасының қызы, Қымбат әжесінің қызы екен. Сымбат өте ақылды, үй жұмыстарымен айналысады, үй жинайды, ас әзірлейді. Ал Қымбат болса, үй жыйнамайды, азаннан кешке дейін ұқтайды. Бір күні Қымбат кесені сындырып қояды. Ол кесені Сымбат сындырды деп, атасы мен әжесін алдайды. Ашуы келген әжесі атасына айтады:
– Сымбатты орманға апарып таста.
Атасы не істерін білмей қызына айтады:
– Сымбат, қызым жүр орманға барып, қозы құйрық теріп келейік – деп орманға ертіп кетеді. Олар орманда қозықұйрық теріп жүргенде атасы қызына:
– Сымбат, қызым мен отын теріп келейін, сен осы жерде отыра тұр, – деп айтады да, өзі үйне кетеді. Сымбат атасын ұзақ ұақыт күтеді. Атасы келмеген соң ол жылайды. Сымбат жылап отырғанда бір әже келіп;
– Қызым, сен неге жылап отырсың, – дейді.
– Мен адасып қалдым, – деп жауап береді. Әжей Сымбатты үйн ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 1625 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ертегі
Ғаламшарлар шеруі

Ерте, ерте, ертеде үлкен, әдемі, ғажайып, керемет «Сәбилер әлемі» аталатын қала болыпты. Сол қалада көптеген ақылды, сауатты, білгіш, өнерпаз, еңбексүйгіш, адамгершілігі көп, бір-біріне көмектесуге дайын балалар тұрыпты. Олар суықтан, аяздан, ыстықтан, оттан, судан қорықпайтын, ешкімнен жеңілмейді екен. Бәрі де күн шуағын, күннің көзін зерттеумен айналысыпты. Оқу бітіріп, жан-жаққа жұмысқа кетіпті. Күндердің күнінде патша жан-жаққа хабарлама жіберіпті: «Желтоқсан айының 21-і күні ғаламшарлар шеруі өтеді. Кездесуге шақырамын, көптеген сыйлықтар болады». Бұл хабарламаны естіп көп халық және «Сәбилер әлемі» қаласында оқығандар жиналады.
Ең бірінші сөзді ұзын бойлы жігіт бастайды: «Мен балалық кезімнен ғаламшарларды зерттеймін. Бүгінгі күні мен Күннің көзінен 778 млн шақырым жерде орналастым. Ешкімге жамандық жасауға жол бермеймін», деп сөзін аяқтайды. Патша оны тыңдап : Сен дәу және ақылды екенсің, сенің атың Юпитер болады, дейді. Екінші ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 939 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ертегі
Байдың екі баласы
Ерте, ерте, ертеде бір бай болыпты. Оның екі баласы болыпты. Асан және Үсен деген. Асан еңбекқор болыпты, ал Үсен өте жалқау болыпты. Бір күні бай балаларын сынамақ болды. Ел жұртты жинап екі баласын жарысқа шақырды. Асанға нашар ат береді, Үсенге жақсы ат береді. Енді бір айдан кейін екеуіңді жарыстырамын деді. Аттарыңды жақсылап жарысқа дайындаңдар дейді.
Асан ерте тұрып атына шөп, су, жем береді екен, ол атын күтіп баптайды, ал Үсен ұйықтап кеш тұрады, аты аш, бапталмайды. Осылай олар атын жарысқа дайындайды. Бір айдан кейін бай екі баласын жарысқа шақырды. Адамдарға қош келдіңіздер, мен екі баламды жарыстырамын озғанына байлығымды қалдырамын дейді. Асан және Үсен екеуі жарысады. Асан озып кетеді. Бай байлығын Асанға береді. Бай Үсенге сенің жалқаулығың үшін мен саған байлықты бере алмаймын дейді. Сен Асанға көмекші бол сонда саған ағаң көмектеседі деп өсиет айтыпты баласы Үсенге. Үсен қатесін біліп көп еңбек етеді, сосын Асан және Үсен ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 884 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ертегі
Бақыт елі
Ертеде бір бай патша болыпты. Сол патшаның айдай сұлу Айсұлу деген қызы болыпты. Патша бір күні Айсұлуға келіп :-Қызым, мен алыс сапарға шығамын, саған не әкеліп берейін депті. Сонда Айсұлу:-Әке, маған ештеңе керегі жоқ, тек өзің аман кел депті. Әкесі Айсұлудың бетінен сүйіп, қоштасып жолға шығыпты. Патша жолда келе жатса, алдынан айдаһар шығыпты. Айдаһар патшаны шайқасқа шақырады. Ақырында айдаһар патшаны жеңіп, өзінің қамалына қамап тастапты. Айсұлу әкесін бір жылдай күтіп, келмеген соң іздеп шығуға бел буады. Ол ұзын шашын қиып, ер адамша киініп жолға шығады. Бір ай дегенде Айсұлу айдаһардың патшалығына жетеді.Айдаһар оны ер жігіт деп ойлайды, онымен айқасқа түседі. Айсұлу өжет болатын, ол айдаһардың екі басын шауып алып, енді үшінші басын алмақшы болғанда айдаһар оған жылап:-Менің басымды қалдыршы, саған сұрағаныңды берейін дейді. Сонда Айсұлу:-Менің әкемді босат, сонда мен саған өмір сыйлаймын дейді. Айдаһар келісіп, әкесін босатады. Айсұлу әкесімен ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 961 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ертегі
Аяз бен Боран
Бір күні Аяз бен Боран дос болыпты. Күндердің күні өткенде Боран достығын ұмытып Аязға келеді. Аязға өзінің күшті екенін айтып мақтанады. Мен болмасам сені ешкім білмес еді дейді. Менің арқамда сен аяз атандың депті. Ал менің күшім көп, қаһарыма мінсем жан-жануар, адамдардың бәрін талқан етемін, сондықтан менен бәрі қорқады дейді. Күштілігіме қарсы тұра алмайсың, қатты суығым мен ызғарыма сен жете алмайсың депті. Сонда аяз ашуға берілмей, сабырға кел, сенің ызғарың мен суығың менің арқамда депті. Сондықтан бізді достыққа жаратқан, бірақ сенің ақылың аздау екен дейді. Екеуіміз бір-бірімізсіз өмір сүре алмаймыз, соны біліп жүргін депті. Боран көп ұзамай қателігін түсініп, Аяз досынын кешірім сұрайды. Содан бері екеуі бірге жүретін болыпты.
Бекишева Динара 2 «ә» класс
Средняя школа-комплекс национального возрождения №17,
СКО г.Петропавловск.
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 735 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ертегі
Айша Бибі

Баяғы бір заманда кемпір менен шал өмір сүріпті. Олардың Айбын деген ұлы болыпты. Айлар өтеді,жылдар өтеді. Айбын ер жетеді.
Бір күні Айбын тау кезіп жүріп, бір айдай сұлу қызға кезігеді. Бір көргеннен екеуі бір-бірін ұнатып қалады. Екеуі танысып, жарасып кетеді. Қыздың есімі Назерке болып шығады. Күндер өткен сайын бірін-бірі сағынып, бірге болуға келіседі. Сонымен Айбын ата-анасының батасын алып, Назеркеге қосылады. Тойлары үш күн, үш түнге созылады.
Айбын мен Назеркенің балалары болмапты. Екеуі уайым-қайғыға салынады.
Бір күні Айбын аң аулауға орманға кетеді. Қалың орман ішінде ол адасып , бір ақсақалға кездеседі. Жол сұрап екеуі кездескенде Айбын оған өз қайғысын айтады. Ақсақал естіп оған қасиетті мазар бар екенін айтады. Сол жерге барып, бір түн түнесе ең ізгі тілегі орындалатынын айтады. Бір-екі күн ойланыпты да сол қасиетті жерге Айбын мен Назерке жолға шығады.
Қасиетті мазардың жанында түн түнеп тілек тілейді. Тү ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 911 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ертегі
КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ

АУЫЛДАҒЫ ӘЖЕНІҢ ҮЙІНДЕ ҚАРА КҮШІК ПЕН АЛА МЫСЫҒЫ БАР ЕДІ. БІР КҮНІ АЛА МЫСЫҚ ҚАРА КҮШІКТІҢ ЫДЫСЫНДАҒЫ СҮТТІ ІШІП ЖАТАДЫ. ОНЫ КӨРІП ҚАЛҒАН ҚАРА КҮШІК АЛА МЫСЫҚТЫ ҚУА ЖӨНЕЛЕДІ. МЫСЫҚ ҚАШЫП АЛМА АҒАШЫНА МІНІП КЕТКЕН ЕДІ. КҮШІК АҒАШ ТҮБІНЕ КЕЛІП АЛА МЫСЫҚТЫ АҢДЫП ТҰРАДЫ. МЫСЫҚ ТА ОҒАН БЕЛІН КҮЖІРЕЙТІП АЙБАТ ШЕКТІ. СОЛ КЕЗДЕ АҒАШТАН БІР ҚЫЗЫЛ АЛМА КҮШІКТІҢ БАСЫНА ТОП ЕТЕ ТҮСТІ! КҮШІК ШОШЫП, ЖҮГІРІП БАРЫП ҮЙШІГІНЕ КІРІП КЕТЕДІ. СОЛ КҮННЕН БАСТАП ҚАРА КҮШІК АЛА МЫСЫҚТАН ҚОРҚА БАСТАДЫ. ОНЫ СЕЗГЕН МЫСЫҚ КҮНДЕРДІҢ КҮНІНДЕ КҮШІКТІҢ СҮТІН ҚОРЫҚПАЙ ІШІП ЖҮРЕ БЕРЕТІН БОЛДЫ.
АЛ ҚАРА КҮШІК БОЛСА, ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАНДАЙ ДЫБЫСЫН ШЫҒАРМАЙ ЖАТА БЕРІПТІ.

Аскеров Мират 2 «а» класс
Средняя школа-комплекс национального возрождения №17,
СКО г.Петропавловск.
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 1690 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ертегі
Аппағымның демалысы

Ертекші апай:
Балалар, бір ақ қоян туралы әңгімелеп берейін. Оның аты Аппағым еді. Күндердің күнінде Аппағым өзінің туған-туыстарына барып қайтпақ болып, жолға жиналады. Көрші-көлемдері тауық қорамен, қаз-үйрекпен, тіпті қой-ешкімен қоштасып жол жүріп кетеді.
Шілде айы. Күн сондай қапырық, ыстық. Орманның іші жап- жасыл. Ауасы таза. Айнала небір әдемі гүлдерге толы. Құстардың да сайраған
әсем дауысы неткен керемет еді десеңші!
Осы табиғат көрінісін тамашалап келе жатқан Аппағым өзін өмірдегі ең бақытты қоян сезінді. Кенет бұтаның арасынан біреу шыға келді. Зәресі ұшқан Аппағым не істерін білмей сасқалақтап қалды. Қараса, алдында үп-үлкен болып Қасекең тұр.
Қасқыр болса қояннан көзін ала алмай, оның үлпілдеген ақ түсті жүніне, жеңіл терісіне қызыға қарап қалыпты. Тыныштықты бірінші болып бұзған қоян:
-Қасеке, қайда бара жатырсыз?-дейді.
Қасқыр:
-Күн ыстық. Жатудан жалығып кеттім. Орма ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 1513 | Добавил: anar@ | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Жиырма бірінші ғасырда жиырма бірінші қаңтар күні жиырма бір сағатта бір бала өмірге келеді. Ол бала туған сәтінен бастап, тамақ ішіп, ұйқы ұйқтағанды ұнатыпты. Ата-анасы баласының дүниеге келгеніне қатты қуанып, атын Қуаныш қояды. Қуаныш жылдарды артына салып, есейе береді.бірақ та ас ішіп аяқ босатудан басқаға көңілі аумайтын енжарлықты тастамайды. Балаларының мінезін өзгерте алмай ата-анасы қатты қиналады. Күндерінің бір күні Қуаныштың әкесі Жапон еліне жұмыс бабымен сапарға аттанады. Ол елден әкесі Қуанышқа роботты сыйға алып келеді. Роботты көрген Қуаныштың қуанышында шек болмайды. Ол робот үйді жинап, сабақ істеуге көмектесетін болады. Мен енді тіпті де бос боламын деп ойлады. Бірақ Қуаныштың қуанышы су сепкен оттай тез сөнді. Робот ол ойлағандай емес мүлде басқаша робот екен. Қуаныштың әкесі сыйлаған роботты жапондықтар тәрбиеші ретінде жасаған екен. Робот Қуанышты күнде таңертең төсектен тұрғызып, оған күнде ертеңгілік жаттығуды жасатады. Оқу құралдарын түгендеткізіп, уақытымен ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 918 | Добавил: shkola17 | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде «Жаңа жыл» деген сөзді ешкім естіп білмеген екен. Естімепті де, жылды санамапты да, жылдың келіп кеткенін тойламапты да. Жаңа жыл мерекесін тойлау қалай басталды? Жер бетінде көп елдер бар. Сол елдерде әртүрлі халықтар мекендейді. Олар өз елінің табиғаты көркем болуы үшін ағаштар өсіреді. Көптеген ағаштардың ішінде қарағай, шырша ағаштарын да егіп өсіреді. Бұл ағаштар өзге ағаштарға қарағанда ерекше болып өседі. Олар ешуақытта жапырағын тастап жалаңаштанбайды және түсін де өзгертпейді. Ормандағы бір шырша осыны байқап, қатты қуанады. Басқа шыршалармен әңгімелесіп, оларға біз өзіміздің осы сұлулығымыз үшін адамға алғыс білдірейік дейді. Қалай істесек екен деп көп ойланады. Сөзді тағы да жаңағы байқағыш шырша алады. Біз үлкендерді де, балаларды да қуанту үшін мереке жасайық. Ол үшін қыс мезгілі болғанда Аяз атаға барайық. Оның сиқырлы таяғы бар. Аяз атамен келісіп, оны өзімізбен бірге адамдар көп жиналған жерге алып барайық. Ол сиқырлы таяғын бізге жа ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 975 | Добавил: shkola17 | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Ерте, ерте, ертеде кең далада бір тамаша ұлттың адамдары өздерінің қонысын қондырыпты. Бұл елдің адамдары татулықты, бірлікті, сыйластықты ұнатады екен. Осы ұлттан туған балалар өте кішіпейілді, еңбексүйгіш және ақылды болып дүниеге келеді екен. Елдің табиғаты өте көркем жері байлыққа толы болыпты. Бұл елге келген қонақтарының көзі алқызыл гүлге оранған даласына, қалың қарағайлы, шыршалы орманына, көгілдір шыңды таулары мен сарқырай аққан өзендеріне қараудан, қызығудан ешуақытта да жалықпапты. Жері құнарлы өзінің халқын да, өзге елдердің халқын да пұт-пұт астығымен асырайды. Мыңғыраған малы, өнерлі, көркем ұл қыздары бар ел өте ауқатты өмір сүріпті. Елде ақылды, көрегенді қариялары да аз емес екен. Сол елдегі көрегенді бір қарт ата алыстағы, болашақтағы уақытты болжап, болашағын айтып береді екен. Сол атаның айтуынша осы елде XX ғасырда дүниеге бір ұл келеді. Ол керемет ақылды болып, елін жоғары көтереді. Елді өзі басқаратын болады. Ол басқарған елдің тұрмысы бұрынғысынан да тамаша бол ... Читать дальше »
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 769 | Добавил: shkola17 | Дата: 2012-12-25 | Комментарии (0)

Меню сайта
Категории раздела
Сказки, шагнувшие через столетия [23]
Сказки, присланные на конкурс, организованный Государственной детской библиотекой им. С. Бегалина г.Алматы
Академия сказочных наук. Дети. [338]
Детское отделение
Хочу поделиться... [47]
Вы прочитали новую сказку? Какою-то интересную историю? Открытыли с тарую сказку? Вам хочется рассказать о своих впечатлениях? Значит. вам сюда!
Академия сказочных наук. Взрослые. [306]
Взрослое отделение
Наша энциклопедия. Сказочники. [74]
Сказочники всех времен и народов.
Конкурс на лучшую экологическую сказку [67]
Наш кинозал [12]
конкурс на лучшую рождественскую сказку [94]
Сказочная пряжа Елены Веретено [22]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Наш опрос
Любимая сказка моего детства
Всего ответов: 2475
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Copyright Академия сказочных наук. Интернет-портал "Детство-kz"© 2024
    Бесплатный хостинг uCoz