Пятница, 2024-04-19, 5:59 PM

Приветствую Вас Гость

Главная | Регистрация | Вход | RSS
Академия сказочных наук
Главная » 2012 » Декабрь » 25 » Сказка "Бақыт елі" Болатова Анель, 2ә класс СКО Г.Петропавловск СШКНВ №17
6:04 PM
Сказка "Бақыт елі" Болатова Анель, 2ә класс СКО Г.Петропавловск СШКНВ №17
Ертегі
Бақыт елі
Ертеде бір бай патша болыпты. Сол патшаның айдай сұлу Айсұлу деген қызы болыпты. Патша бір күні Айсұлуға келіп :-Қызым, мен алыс сапарға шығамын, саған не әкеліп берейін депті. Сонда Айсұлу:-Әке, маған ештеңе керегі жоқ, тек өзің аман кел депті. Әкесі Айсұлудың бетінен сүйіп, қоштасып жолға шығыпты. Патша жолда келе жатса, алдынан айдаһар шығыпты. Айдаһар патшаны шайқасқа шақырады. Ақырында айдаһар патшаны жеңіп, өзінің қамалына қамап тастапты. Айсұлу әкесін бір жылдай күтіп, келмеген соң іздеп шығуға бел буады. Ол ұзын шашын қиып, ер адамша киініп жолға шығады. Бір ай дегенде Айсұлу айдаһардың патшалығына жетеді.Айдаһар оны ер жігіт деп ойлайды, онымен айқасқа түседі. Айсұлу өжет болатын, ол айдаһардың екі басын шауып алып, енді үшінші басын алмақшы болғанда айдаһар оған жылап:-Менің басымды қалдыршы, саған сұрағаныңды берейін дейді. Сонда Айсұлу:-Менің әкемді босат, сонда мен саған өмір сыйлаймын дейді. Айдаһар келісіп, әкесін босатады. Айсұлу әкесімен құшақтасып, жылап көріседі. Патша мен Айсұлу жолға шығып елге оралмақ боп келе жатса, айдаһар оларды байқап қалады. Сол кезде ғана айдаһар Айсұлудың айдай сұлу қыз екенін көреді. Айдаһар Айсұлуға бірден ғашық болады. Мен қанша жыл бойы патшалармен шайқасып келем, бірақ ешбір патшаға зиянымды тигізіп, өмірлерін қимадым депті айдаһар. Мен сендей батыр, сұлу қызды көрмедім, менің осындай болуыма қатыгез жалмауыз кінәлі еді. Ол мені айдаһар кейіпіне айналдырып жіберді. Егер сен менің бетімнен сүйсең, мен қайтадан ханзадаға айналамын депті. Айсұлу айдаһардың бетінен сүйеді, ол әдемі ханзадаға айналады. Сөйтіп патша, Айсұлу, ханзада үшеуі елге оралып бақытты ғұмыр кешеді. Бұл елді адамдар бақыт елі деп атап кетіпті.
Болатова Анель 2 «ә» класс
Средняя школа-комплекс национального возрождения №17,
СКО г.Петропавловск.
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 929 | Добавил: anar@ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню сайта
Категории раздела
Сказки, шагнувшие через столетия [23]
Сказки, присланные на конкурс, организованный Государственной детской библиотекой им. С. Бегалина г.Алматы
Академия сказочных наук. Дети. [338]
Детское отделение
Хочу поделиться... [47]
Вы прочитали новую сказку? Какою-то интересную историю? Открытыли с тарую сказку? Вам хочется рассказать о своих впечатлениях? Значит. вам сюда!
Академия сказочных наук. Взрослые. [306]
Взрослое отделение
Наша энциклопедия. Сказочники. [74]
Сказочники всех времен и народов.
Конкурс на лучшую экологическую сказку [67]
Наш кинозал [12]
конкурс на лучшую рождественскую сказку [94]
Сказочная пряжа Елены Веретено [22]
Вход на сайт
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Наш опрос
Любимая сказка моего детства
Всего ответов: 2474
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Copyright Академия сказочных наук. Интернет-портал "Детство-kz"© 2024
    Бесплатный хостинг uCoz