Пятница, 2024-04-26, 11:13 AM

Приветствую Вас Гость

Главная | Регистрация | Вход | RSS
Академия сказочных наук
Главная » 2012 » Декабрь » 25 » "Ақылды шырша". Ризабек Өмірхан Ризабекұлы, № 17 орта мектеп-лицейі, 4ә сынып оқушысы, СҚО Петропавл қаласы
10:56 AM
"Ақылды шырша". Ризабек Өмірхан Ризабекұлы, № 17 орта мектеп-лицейі, 4ә сынып оқушысы, СҚО Петропавл қаласы
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде «Жаңа жыл» деген сөзді ешкім естіп білмеген екен. Естімепті де, жылды санамапты да, жылдың келіп кеткенін тойламапты да. Жаңа жыл мерекесін тойлау қалай басталды? Жер бетінде көп елдер бар. Сол елдерде әртүрлі халықтар мекендейді. Олар өз елінің табиғаты көркем болуы үшін ағаштар өсіреді. Көптеген ағаштардың ішінде қарағай, шырша ағаштарын да егіп өсіреді. Бұл ағаштар өзге ағаштарға қарағанда ерекше болып өседі. Олар ешуақытта жапырағын тастап жалаңаштанбайды және түсін де өзгертпейді. Ормандағы бір шырша осыны байқап, қатты қуанады. Басқа шыршалармен әңгімелесіп, оларға біз өзіміздің осы сұлулығымыз үшін адамға алғыс білдірейік дейді. Қалай істесек екен деп көп ойланады. Сөзді тағы да жаңағы байқағыш шырша алады. Біз үлкендерді де, балаларды да қуанту үшін мереке жасайық. Ол үшін қыс мезгілі болғанда Аяз атаға барайық. Оның сиқырлы таяғы бар. Аяз атамен келісіп, оны өзімізбен бірге адамдар көп жиналған жерге алып барайық. Ол сиқырлы таяғын бізге жақындатса біздің үстімізге әртүрлі шамдар қонып, жарқырап жанады. Біз бұрынғыдан да сұлу боламыз. Таяғын тағы жақындатса «Жаңа жыл» деп жазады. Орманнан тиін, қоян, түлкіні аламыз. Сөйтіп барлығымыз қардан Ақша қар жасайық. Осылайша Адамдарға барып, қыстың бірінші айының соңғы күнінде жылды аяқтауды, келесі жылды қарсы алуды үйретейік. Олар мол дастархан жасап, ән салып, би билесін. Сендер балалармен, үлкендермен бірге мені айналып, көңілденіңдер. Мен шамдарымды жарқырата түсейін. Міне осылайша біз жасыл шыршалар адамдарға өзіміздің алғысымызды білдіреміз және оларға Жаңа жыл туралы айтып, оны тойлауды үйретеміз депті. Барлығы оны қолдайды. Осылайша ақылды шырша жыл сайын келіп адамдарды қуантып, мереке жасап тұрады екен.
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 932 | Добавил: shkola17 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню сайта
Категории раздела
Сказки, шагнувшие через столетия [23]
Сказки, присланные на конкурс, организованный Государственной детской библиотекой им. С. Бегалина г.Алматы
Академия сказочных наук. Дети. [338]
Детское отделение
Хочу поделиться... [47]
Вы прочитали новую сказку? Какою-то интересную историю? Открытыли с тарую сказку? Вам хочется рассказать о своих впечатлениях? Значит. вам сюда!
Академия сказочных наук. Взрослые. [306]
Взрослое отделение
Наша энциклопедия. Сказочники. [74]
Сказочники всех времен и народов.
Конкурс на лучшую экологическую сказку [67]
Наш кинозал [12]
конкурс на лучшую рождественскую сказку [94]
Сказочная пряжа Елены Веретено [22]
Вход на сайт
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Наш опрос
Любимая сказка моего детства
Всего ответов: 2474
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Copyright Академия сказочных наук. Интернет-портал "Детство-kz"© 2024
    Бесплатный хостинг uCoz