Пятница, 2024-11-22, 3:53 PM
Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход | RSS
|
Академия сказочных наук |
Главная » 2017 » Июль » 28 » Сказка "Жыл мезгілдері"
6:58 PM Сказка "Жыл мезгілдері" |
Сабыр Іңкәр Едігеқызы, 1-класс СКО г. Петропавловск КГУ "Гимназия "БЭСТ" Ертегі Жыл мезгілдері Ерте, ерте ертеде, бір Жыл деп аталатын қария өмір сүріпті. Қарияның төрт қызы бар екен. Олар өте сұлу қыздар болыпты. Анасы оларға жақсы тәрбие беріпті. Ең үлкен қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын, өте нәзік екен. Екінші қызы «Жаз» жарқыраған, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз», бірақ ол жылай бергендіктен жаңбыр жауа береді екен. Ал кіші қызы «Қыс» салқын, қатал болыпты. Қыздар ер жетіп, ақылды болып өсіпті. Бір күні қарияның қыздары тұрмыс құрыпты. Енді олардың әрқайсысының өз балалары болыпты. Үлкен қызы Көктемнің Наурыз, Сәуір, Мамыр деген сұлу қыздары болыпты. Ал Екінші қызы Жаздың Маусым, Шілде, Тамыз деген ақылды кішкентай қыздары бар екен. Бұл қыздар жер бетіне жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты. Оларды барлық адамзат, аң біткеннің бәрі жақсы көріпті. Күздің Қыркүйек, Қазан, Қараша деп аталатын батыр ұлдары болыпты. Кіші қызы Қыстың ешкімнен қорықпайтын қайсар, батыл ұлдары болыпты. Бұл ұлдар ел қорғаған батыр болыпты. Осы төрт қыздың балалары өз Отанына қызмет етіп, абыройлы болыпты. Содан бері оларға жылдың төрт мезгілі мен он екі айы деген атақ беріліпті. |
Категория: Академия сказочных наук. Дети. |
Просмотров: 529 |
Добавил: klass2
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
Календарь | « Июль 2017 » | Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс | | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
Статистика |
Онлайн всего: 5 Гостей: 5 Пользователей: 0 |
|
|
Copyright Академия сказочных наук. Интернет-портал "Детство-kz"© 2024 Бесплатный хостинг uCoz
|
|
|