Жазған:№101 мектеп-лицейінің 4 «ә» сынып оқушысы Ахметбекова Ақнұр. Қарағанды қаласы. Апорт алмасы. Бірде базарда жемістер арасында қайсысының түр- әлпеті көз қызығатындай сұлу екен деп айтысып,дауласып қалыпты. Шие: -Мен ең әдемісі де,тәтті сі де менмін,-депті. Қарбыз: -Ал мені адамдар жаздың ыстығында шөлін қандыру үшін пайдамды тигіземін. Сөйтіп,алмұрт та, қауын да,жүзім де т.б. жемістер өз ерекшеліктерін айтып дауласып тұрған уақытта қып-қызыл нарттай,жұпар иісті апорттар қатарласып тұра бастағанда қалған жемістер ауыздарын ашып,таң қалып шуласа қарсы алып: -Қош келіпсіздер! Сіздерді көріп тілден сөз кетті ғой,қандай көркем едіңіздер,-деп алға қауын шықты. - Сәлем бердік,қошемет көрсеткендеріңізге көп рахмет,-деп алмалардың ішінен ең әдемі апорт алма.Түгелі амандасып,әңгіме айтып тұрғандардың ішінен нарттай сұлу,жас апорт алмасы ғана өзін тәкаппар ұстап ,ешкіммен сөйлескісі келмей,менсінбей тұрды. -Мен бұлардың арасына қалай ғана түсіп қалдым,мені оданша дүкенге жылы жерге алып кеткендері жақсы болар еді.-деп базарға түскеніне риза болмай өзін өзгелерден жоғары ұстап,араласпады.Оның өз қатарлас алмалардың айтқандарын тыңдамады. Олар,әсіресі ең үлкен алма: -Ең сұлу да,көркем қызым өзіңді қарапайым ұстап,елмен араласып,ашық бол. –дегенді құлақ аспады. Келген алушылардың көздері қып-қызыл, мұрынды иісімен жаратын алқызыл апорт алмаларға көбісі қызығып сатып алып жатты,ал тек өз сұлулығына өзі ғана мақтанып,өзін тәкаппар ұстаған алмаға ешкім көңіл аудармай қойды.Қабағынан қар жауып жаңағы керемет нарттай алма өз сұлулығынан айырыла бастады. Бірде базарға қарт адам келіп жаңағы апорт алмаға қарап: -Біздің жас кезіміздегі апорт алманың иісі әлі күнге дейін мұрынымнан кетпейді,ал шырыны,дәмі деген адамның жанын рахатқа бөлуші, қандырушы еді.Шіркін.... сол апорт алмалар қайда қалды десейші.....?-деп,ұзақ күрсінді. Сатушы: -Ау,атасы бұл апорт алманың соңғы қалғандары ғой,алыңыз.-деп атаға жалына бастады.Ата жалғыз қалған алмаға қарап тұрып ,бір күрсініп, сатып алды. R/S..Маған ой келді,ата жаңағы алманы аяды ма,әлде өзінің жас кезіндегі апорт алманың иісін жанында сақтағысы кеді ме екен...... |