Пятница, 2024-05-17, 3:44 AM

Приветствую Вас Гость

Главная | Регистрация | Вход | RSS
Академия сказочных наук
Главная » 2012 » Декабрь » 25 » Сказка "Аппағымның демалысы" Молдахметова Зарина, 2ә классСКО Г.Петропавловск СШКНВ №17
5:58 PM
Сказка "Аппағымның демалысы" Молдахметова Зарина, 2ә классСКО Г.Петропавловск СШКНВ №17
Ертегі
Аппағымның демалысы

Ертекші апай:
Балалар, бір ақ қоян туралы әңгімелеп берейін. Оның аты Аппағым еді. Күндердің күнінде Аппағым өзінің туған-туыстарына барып қайтпақ болып, жолға жиналады. Көрші-көлемдері тауық қорамен, қаз-үйрекпен, тіпті қой-ешкімен қоштасып жол жүріп кетеді.
Шілде айы. Күн сондай қапырық, ыстық. Орманның іші жап- жасыл. Ауасы таза. Айнала небір әдемі гүлдерге толы. Құстардың да сайраған
әсем дауысы неткен керемет еді десеңші!
Осы табиғат көрінісін тамашалап келе жатқан Аппағым өзін өмірдегі ең бақытты қоян сезінді. Кенет бұтаның арасынан біреу шыға келді. Зәресі ұшқан Аппағым не істерін білмей сасқалақтап қалды. Қараса, алдында үп-үлкен болып Қасекең тұр.
Қасқыр болса қояннан көзін ала алмай, оның үлпілдеген ақ түсті жүніне, жеңіл терісіне қызыға қарап қалыпты. Тыныштықты бірінші болып бұзған қоян:
-Қасеке, қайда бара жатырсыз?-дейді.
Қасқыр:
-Күн ыстық. Жатудан жалығып кеттім. Орман ішін аралап қайтайын дегенім ғой. Ал, өзің қайда бара жатырсың?-дейді.
Қоян:
-Менің туыстарым көп қой. Жер шарының түкпір- түкпірінде. Олар: сұр, сұрғылт қара, қара, қара қоңыр, күміс түсті қояндар. Сіз де таныс боларсыз. Білетін шығарсыз. Жазғы демалыс кезінде барып қайтайын деп едім.
Қасқыр:
- Білемін. Талай дәмдес болғанмын. Шіркін!!! Ол кезде мен жас едім.Талай қырлар асып, дала кезген күндер-ай...
Күннің ыстығын-ай. Мына жерде кірпі балмұздақ сатушы еді.
Жүр, балмұздақ жейік,-дейді.
Ертекші апай:
Қоян қуана-қуана келіседі. Қасқыр мен қоян балмұздақ сатып алуға барады.
Қасқыр:
- Мен үлкенмін, сондықтан 3 балмұздақ жеймін,-дейді. Ал қоян
екі қолын созып, мен екеу жеймін,-дейді.
Қасқыр оған екі балмұздақты ұстата салады. Қолындағы балмұздағын жеген қасқыр, қоянға қарады да : «Қап, бәлем, қоян!»- деп айқайлап жібереді.

Ертекші апай:
- Балалар, қасқыр неге қоянға ашуланды? (Балалар жауап береді)
- Жауабын өздеріңмен бірге ойнайтын (ойыншық) қояннан сұрайық.
- Аппағым, қоян неше балмұздақ жеді?
Ойыншық қоян:
- Қасқыр 3 балмұздақ алды. Ол бір балмұздақ жегенше, қоян екі балмұздақ жеп қояды. Қасқыр қоянға сол себепті ашуланады.
Ертекші апай:
Сонымен, қоян туралы ертегімізді әрі қарай жалғастырайық. Қоян балмұздаққа тойып, қасқырға алыстан қол бұлғап, өз жөніне кетеді.
Сөйтіп, қоян көптен бері көрмеген туысы жабайы қоянға келеді. Екеуі бір-бірін қатты сағынып қалыпты. Дастарқан басында отырып, біраз әңгімелеседі.
Аппағым:
- Мүлде алыстап кеттің. Келуді қойдың. Ата-бабамыз бір ғой.
Туыс емеспіз бе? Өзіңді бір көруден қалдым ғой,-дейді.
Жабайы қоян:
- Мен таза ауаны ұнатамын. Жазда ініме азық-түлігімді дайындаймын. Шөптің, жеміс-жидектің ұнатқан түрін жеймін.
Еркіндікке не жетсін! Сен болсаң қалада тұрасың. Адамдар не берсе, соны жейсің ғой, иә?
Аппағым:
- О, не дегеніңіз, көкесі... Қазір жағдайым жаман емес. Қалада тұрсам да адам баласына әкелер пайдам көп. Терімді бояп, сәнді бұйымдар, әйелдерге манто,балаларға ішік, ерлерге жаға, құлақшын тігеді. Қысқы түбітімнен фетр қалпағын, орамал, қолғап, жейде тоқиды. Айта берсем өте көп.
Жабайы қоян:
- Немен қоретенесің?
Аппағым:
- Ал оны балалардан сұрайық.
Ертекші апай:
- Балалар, үй қояны немен қоректенеді? Кім біледі? Еске түсірейік. (Балалар жауап береді.) Ал, енді қоянның әңгімесін тыңдайық.
Аппағым:
- Мен сәбіз, орамжапырақты, қызылша сабағын, өзегін, бүлдірген жапырағын ұнатамын. Жазда саяжайда боламын. Тамыр- түйнекті, шөпті таңдап жеймін, себебі шөптің кейбір түрі улы келеді.
Өздерің сияқты піскен картоп, ботқа жеймін.Тек нанды көп жесем ішім кеуіп кетеді.
Жабайы қоян:
- Мен өте қуаныштымын. Адамдар сені күтеді, қорғайды. Арнайы үйшігің бар. Балаларың 8 шақты. Менің 5 балам бар. Орман ішінде қауіп- қатер көп. Көбінесе қасқыр, түлкі, аю. Әйтеуір жыртқыш аңдардың бәрі қас. Бірақ та таза ауа, қысқы аяз, ақ қар, жазда жасыл ну орман-осының бәрі балаларымның өсуіне қолайлы. Балаларымды қорғаштап, үйден ұзап әрі шыға алмаймын.
Аппағым:
- Жаңа жылды бірге қарсы алайық. Коньки, шаңғы, сырғанақ тебеміз. Жаңа жыл шыршасына барлық аңдар, құстар және т.б келеді.
Жабайы қоян:
- Жаңа жылға балаларыммен бірге барамын. Жасыл шырша
жанында берер сыйлығым да көп.
Аппағым:
- Жаңа жылда қаладағы ботаникалық баққа барамыз. Ондағы
жасыл бұрышта қояндар өмір сүреді. Хауызда аққу, қаз, үйректер жүзіп жүреді.Тауықтың африкандық, үнді тектес түрлері кездеседі. Тырна, бүркіттер де бар.
Жабайы қоян:
- Қандай тамаша! Тезірек Жаңа жыл болса екен. Енді асыға күтетін шығармын. ТуҺ, алыстан шаршап келген сені әбден мазаладым ғой. Сағат кешкірді. Демалайық. Ертең орман ішін аралап қайтамыз.
Аппағым:
- Қайырлы күн! Келесі кездескенше.
Жабайы қоян:
- Сау болыңдар, балалар!
Молдахметова Зарина 2 «ә» класс
Средняя школа-комплекс национального возрождения №17,
СКО г.Петропавловск.
Категория: Академия сказочных наук. Дети. | Просмотров: 1470 | Добавил: anar@ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню сайта
Категории раздела
Сказки, шагнувшие через столетия [23]
Сказки, присланные на конкурс, организованный Государственной детской библиотекой им. С. Бегалина г.Алматы
Академия сказочных наук. Дети. [338]
Детское отделение
Хочу поделиться... [47]
Вы прочитали новую сказку? Какою-то интересную историю? Открытыли с тарую сказку? Вам хочется рассказать о своих впечатлениях? Значит. вам сюда!
Академия сказочных наук. Взрослые. [306]
Взрослое отделение
Наша энциклопедия. Сказочники. [74]
Сказочники всех времен и народов.
Конкурс на лучшую экологическую сказку [67]
Наш кинозал [12]
конкурс на лучшую рождественскую сказку [94]
Сказочная пряжа Елены Веретено [22]
Вход на сайт
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Наш опрос
Любимая сказка моего детства
Всего ответов: 2474
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Copyright Академия сказочных наук. Интернет-портал "Детство-kz"© 2024
    Бесплатный хостинг uCoz