Пятница, 2018-10-19, 11:06 AM

Приветствую Вас Гость

Главная | Регистрация | Вход | RSS
Академия сказочных наук
Главная » 2018 » Январь » 8 » сказка Теремок на казахском языке
2:16 PM
сказка Теремок на казахском языке
Солтүстік Қазақстан Облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
«Ганькин орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Үйшік» ертегісін сахналау



қатысушылар: 4- сынып оқушылары: Аубакирова Жанна-қоян Долгушева Анна- түлкі Дурдин Антон - құмырсқа Казиева Самира – тышқан Лукановская Елена-бақа Гончар Елена - қасқыр Яковлева Екатерина-аю

2016-2017 оқу жылы
Мақсаты: оқушыларды еркін сөйлеуге, сөйлемдерді дұрыс жаттауға дағдыландыру; сөздік қорларын молайту; қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту.

Үйшік(орыс халық ертегісі)

тышқан, бақа, қоян, құмырсқа, түлкі, қасқыр, аю жайлы ертегі
Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді.
Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бірге тұрайық!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады.
Еңбекқор құмырсқа келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
--- Мен, секендеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, еңбекқор құмырсқамын.
— Кел, бірге тұрайық!
Енді олар төртеуі үйшікте тұрады.

Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
--- Мен, еңбекқор құмырсқамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бірге тұрайық!
Енді олар бесеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
--- Мен, еңбекқор құмырсқамын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бірге тұрайық! Енді олар алтау болады.

Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
--- Мен еңбекқор құмырсқамын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!
Категория: Хочу поделиться... | Просмотров: 58 | Добавил: mantanas | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню сайта
Категории раздела
Сказки, шагнувшие через столетия [23]
Сказки, присланные на конкурс, организованный Государственной детской библиотекой им. С. Бегалина г.Алматы
Академия сказочных наук. Дети. [338]
Детское отделение
Хочу поделиться... [47]
Вы прочитали новую сказку? Какою-то интересную историю? Открытыли с тарую сказку? Вам хочется рассказать о своих впечатлениях? Значит. вам сюда!
Академия сказочных наук. Взрослые. [306]
Взрослое отделение
Наша энциклопедия. Сказочники. [74]
Сказочники всех времен и народов.
Конкурс на лучшую экологическую сказку [67]
Наш кинозал [12]
конкурс на лучшую рождественскую сказку [94]
Сказочная пряжа Елены Веретено [22]
Вход на сайт
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Январь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Наш опрос
Любимая сказка моего детства
Всего ответов: 2459
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Copyright Академия сказочных наук. Интернет-портал "Детство-kz"© 2018
    Бесплатный хостинг uCoz